13
февраль
2018
Рухани жаңғыру
Қазан айының 27-күні Қарабұта ауылына мектебіміздің мақтанышы болған Қарабұта орта мектебінің түлектері келді.Ол кісілерді мектеп оқушылары,ауыл тұрғындары ,ұстаздар жылы лебіздерімен қарсы алды.Қазақ өзі қонақжай халықболғандықтан ауыл адамдары,ұстаздар,әкәмшілік адамдары ол кісілерді туған ауылдарының көркейген әдемі жерлерін аралатты.Әсіресе ең аяулы,құрметті «Ана мен бала» саябағын көрсетті.Содан кейін өздерінің түлеп ұшқан туған,ыстық ұя мектептерін көрсету үшін мектепке алып келді.Ол кісілерді оқушылар ыстық-ыстық лебіздерімен қарсы алып,қолдарына шарларын ұстап,қонақтарды жылы қарсы алды.Ол кісілер өздерінің алыс жақтан шаршап келгендерін ұмытып кеткендей көңілдері жайланып,жүздеріне күлкі ұялап,мектепке кірді.онымен қоймай оқушылар ол кісілерге кішігірім өздерінің концерттік бағдарламасын ұсынып қонақтарды риза жылды.Кеш соңына таман оқушылар ол кісілерді құрметтегендерінің белгісі ретінде өздерінің кішігірім сыйлықтарын беріп ризашылықтарын білдірді.Ол кісілерде өз алтын ұя мектептеріне өздерінің үлесін қосып,мектебімізді көркейтуге уәде берді.