ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ХАТТАМАСЫ » Коммунальное государственное учреждение "Карабутинская средняя школа" отдела образования по Урджарскому району управления оброзования Восточно - Казахстанской области
Абай облысы білім басқармасының
"Мақаншы ауданы білім бөлімінің"
"Қарабұта орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722239)50339
Ұялы телефон:
+7(775)1750706
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
март
2023

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ХАТТАМАСЫ

«Қарабұта орта мектебі» КММ

Мектепішілік қамқоршылық кеңес отырысының

№3 Хаттамасы

Өткен күні: 16.03.2023 ж

Қатысты: Қамқоршылық кеңес мүшелері,мектеп әкімшілігі;

2022-2023 оқу жылы


Күн тәртібінде:


1.Оқу-тәрбие жұмысының  3-тоқсандағы есебі.

(ДОІЖО меңгеруші: Базылханова А.М;ТІМ:Смагулова   Д.А)

2.    Ашық бюджет есеп;

(мектеп директоры: Акеев С.Б)

3.Мектепте өрт қауіпсіздігі шаралардың сақталуы,алдын-алу туралы

(АӘД пәні мұғалімі:Аукенов А.С)

4.Мектепте өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы туралы

(Мектеп тәлімгері: Байсуанова М.К)

5.Әртүрлі мәселелер:

    -сайлау


Тыңдалды:

Мектеп директоры:Акеев Саят Бактыярович сөз алып,күн тәртібіндегі мәселелермен Қамқоршылық кеңес мүшелерін таныстырып өтті.

1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша оқу ісінің меңгерушісі: Арай Мукашовна сөз алды.

2022-2023 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысының 3 тоқсан бойынша қорытындысын қысқаша айтып өтті.

Оқудағы жалпы мақсат «Жеке тұлға »қалыптастыру,оқу сапасы мен оқу үлгерімі жайлы айтып өтті. Білім сапасындағы жетістікке жету үшін мұғалімдердің  сапалы деңгейдегі жұмыс жүргізіліп отырғандығы туралы айтып өтті.

3 тоқсан бойынша  әр сыныптардың  оқу үлгерімімен  таныстырды. Мектеп бойынша 42 оқушы үздік, 37 оқушы жақсы үлгерімде екенін айтты. 

Пән мұғалімдеріне оқушылармен, ата-аналармен жекелеген жұмыстар жүргізу тапсырылады.

            Сараптама жасалып, әр пән мұғаліміне білім сапасын арттыруға, сынып жетекшілеріне сабақтарға қатысып, ата-аналармен тығыз байланыса отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру, бірлестік жетекшілеріне мұғалімдердің сапаны арттыруда   атқарылатын жұмыстарын қадағалау туралы нұсқау берілді. 

Тәрбие жұмысының 3 тоқсандағы атқарылған іс-шараларына тоқталар болсақ,

2022-2023 оқу жылының басында тәрбие жұмысының 8 бағыт бойынша

жоспар құрылып,бекітілді. Осы мақсатпен тәрбие беру жүйесінде білім алушылардың Қазақстан Республикасының  азаматтары және ұлттық рухани патриоттары ретінде қалыптастыру  мен өз-өздерін танытуларына, дені сау,өз ұлтын сүйетін,рухани мәдениеті жоғары, еңбекқор,сапалы іскер,бойында жақсы қасиеттері   қалыптасқан тұлға  тәрбиелеуде,жас ұрпаққа имандылық , эстетикалық тәрбие беріп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда,оқушылардың бір-бірімен сыйластықтары,тіл табысуларын арттыра отырып,жоспарланған тәрбие сағаттары уақытылы өткізіліп отырды.

Осы бағыттардағы атқарылған жұмыстарға 3 тоқсан бойынша тоқталатын болсақ;

Жоспарға сәйкес іс-шаралар өз деңгейінде ұйымдастырылып отырады. Атап айтсақ,8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Аяулы анашым »тақырыбында құттықтау, мерекелік концерт  өткізілді.Бастауыш сыныптар арасында «Қыз сыны-2023» байқауы жоғары дәрежеде өтті. Сонымен қатар, дене шынықтыру мұғалімдері Наурыз мерекесіне орай 1-4 сынып оқушылары арасында ұлттық ойындардан жарысын, 5-10 сыныптар арасында шахмет пен тоғызқұмалақ сайысын жоспарға сай, жоғарғы деңгейде мектепішілік өткізді.  

Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында оқу жылының басында мектеп әкімшілігі мен  мұғалімдер бірлескен «Түнгі рейд» кезекшілік кестесі құрылып,бекітілді. Кестеге сәйкес күнделікті кезекшілікке шығып, ықшам аудандар бойынша көшелерді аралап отыр. 

Сонымен қатар «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты тақырыпта іс-шаралар әрбір сыныптарда ұйымдастырылып өтті.Атап айтсақ, 1-6 сынып арасында сурет байқауы,

7-11 сынып қыздары арасында қыздар клубының жетекшісі

«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбында 10 қарша күні 9-11 сынып оқушылары арасында мектеп психологі Жанар Өсержанқызы психологиялық тренинг өткізді.

Сонымен қатар 1-11 сынып арасында  ашық тәрбие сағаттары өтті. 22-Наурыз қарсаңында «Әз-Наурыз» тақырыбында мерекелік кеш өткізілсе, «Наурыз-жыл басы»тақырыбында 1-4 сыныпта  сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаттары өтті. « Ұлттық тағамдар»тақырыбында 5-7 сыныптар арасында үздік видеороликтер сайысы ұйымдастырылса.Алдағы уақытта іс-шаралар жоспарға сай жалғасын табады.

Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында көктемгі демалыс жоспары құрылып бекітілді.Жоспарға сай әрбір жауапты маман іс-шара өткізеді.Сонымен қатар Көктемгі демалыс кезінде оқушылардың өмір қауіпсіздіктері ата-аналарға ескертіліп, қолхаттар алынды.

2.Күн тәтібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп директоры: Саят Бактыярович сөз алып,өз сөзінде мектепке бөлінген қаражат пен мектептің болашақта дамуы туралы айтып өтті.

             Болашақтағы мектеп – бұл  мәдениеттің, білім мен тәрбиенің ошағы, жан – дүниеңді, эстетикалық талғам мен интеллектуалдық дамытудың, оқушының сана – сезімін жаңа денгейге тез жеткізу үшін мүмкіндік жасайтын үздіксіз білім берудің кешенді орталығы. Мектеп – жан-жақты дамуға жағдайлар туғызатын, адамның өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын, еркін және шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын ошақ болуы қажет.

  Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе ойымды былай түйіндегім келеді: кешегі, бүгінгі, ертеңгі, бір сөзбен айтқанда, қай кездегі болмасын мектептің көздеген басты нысаны – жан-жақты жетілген, білімді , саналы, еліне, жұртына адал қызмет ете алатын өрелі ұрпақ тәрбиелеу. Сондай-ақ, қашан да көк байрағымыз желбіреп, тәуелсіздігін алған Қазақстанымыздың мәртебесін асқақтатып, мемлекеттік тіліміздің қадір-қасиетін ұғынып, үйренетін қазақстандық толыққанды азамат бейнесін қалыптастыруымыз керек деп ойлаймын. Бүгінгі мектеп – бұл көңіліңе тек қуаныш сыйлайтын, бар мүмкіндік жасалған, жаңашыл мектеп дегім келеді.

«Ашық бюджетке»тоқталар болсам,2022-2023 оқу жында мектепке бөлінген қаражат 136 млн 060 мың тг,еңбек ақы-139млн 170 тг, жарық-110300,телефон-интернет-1454, бюджет есебінен бөлінген тегін мектеп формасына-235500 мың, текущии ремонт-600 мың,.Мектепке бөлінген қаражат бойынша айтарым осы.Демеушілер тарапынан мектепке,оқушыларға көмек көрсетеміз деушілер болса өз алғысымызды айтамыз деп өз сөз қорытындылады.

3. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша АӘД пәнінің мұғалімі:Аукенов А.С сөз сойледі.

«Қарабұта орта мектебі» КММ – сінде  «Өрт қауіпсіздігі мен дабыл» жүйесіне байланысты жұмыстар жүргізілді.  Өрттің алдын алу ережелері мен мектептегі қауіпсіздік басты назарға алынды. АӘД пәнінің мұғалімі: Айбек Серікканұлы мектептегі дабыл жүйелерінің толық қамтылуы жөнінде атап өтті. 

Өрт –бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Жаңа жыл мерекесіне орай мектеп оқушылары мен сынып жетекшілеріне кезектен тыс жиналыс өткізілді. Бұл жиналыстың мақсаты: мерекелік іс – шара барысында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында от шашулар мен пиратехникалық жарылғыш және жанғыш заттарты мектепке кіргізуге тиым салынды.Жабдықталған өрт қалқанының болуы. Барлық қызметтік жайларда персоналдың жану ошағы пайда болған жағдайдағы әрекеттерін регламенттейтін және өрт мүлкі орналасқан орындарды көрсететін Өрт жағдайында адамдарды эвакуациялау жоспары міндетті түрде болуы тиіс. Өртті ойдағыдай сөндіру үшін өртті жылдам аңғарудың және өрт орынына өрт құрылымдық бөлімшелерін мезгілімен шақырудың шешуші мәні бар. Өртті немесе жануды (түтіндеу, күйік иісі, температураның көтерілуін) байқаған әрбір қызметкер кәсіпорын әкімшілігін хабарландыруға және өрт қызметіне 01 телефонына немесе жедел көмек қызметіне — біртұтас 112 нөмірі бойынша қоңырау шалып, бұл туралы дереу хабарлама беруі тиіс. Мекен-жайды, қайда, не жанып жатқанын және өз тегін хабарлау қажет. 

Мектепте,үйде сақтық  шаралары үнемі қолданып отыруымыз тиіс.Мектебімізде  өрт кезіндегі болатын әртүрлі оқиғалардан,қала шығып,не істеу керектігі туралы тәжирибелік сабақтар жиі өткізіліп тұрады деп өз сөзін қорытындылады.

4.Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша мектеп тәлімгері Мейрамгуль Кажикеновна өз сөзінде өзін-өзі басқару ұйымының атқарып жатқан іс-шараларына  толықтай   тоқталып,болашақта атқарылатын жұмыстарға шеру шолады.Бұл ұйым жайдан-жай құрылмағандығын оқушыларарасында құқықбұзушылықтың алдын-алу,жол бермеу  ұйымдастыру жұмыстарына қосар үлесі зор екендігін түсіндіріп өтті.



Ш е ш і м:

1.Оқу-тәрбие жұмысының жандандырылуы оқу-тәрбие ісінің меңгерушілеріне Базылханова А.М мен Смагулова Д.А-ға жүктеледі.

2. 2023 жылы мекеменің болашақта дамуы жалғасын тапсын.

3.Өрт қауіпсіздік ережелері үнемі сақталып,алдын-алу шаралары жүргізілуі АӘД жетекшісі Аукенов А.С мен шаруашылық ісінің меңгерушісі Белебаев Д.А жүктеледі.

4.Мектепте өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру мектеп тәлімгері Байсуанова М.К–ға  міндеттеледі.









                                            Мектеп директоры:            Акеев С.Б

Жиналыс төрайымы:           Оспанова К.М                   

             Хатшы:                            Хихматалимова Г.О.