«Жас тарихшылар» атты ғылыми ізденіс байқауы » Коммунальное государственное учреждение "Карабутинская средняя школа" отдела образования по Урджарскому району управления оброзования Восточно - Казахстанской области
Абай облысы білім басқармасының
"Мақаншы ауданы білім бөлімінің"
"Қарабұта орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722239)50339
Ұялы телефон:
+7(775)1750706
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
октябрь
2019

«Жас тарихшылар» атты ғылыми ізденіс байқауы

2019 жыл 13 мамырда «Қарабұта орта мектебі» КММ-де тарих пәнінің мұғалімі Арапов Ербол Киизатовичтің ұйымдастыруымен аймақ мектептерінің оқушылары арасында «Өлкетану» бағыты бойынша «Жас тарихшылар» атты ғылыми ізденіс байқауы өтті.
Ата-бабадан аңыз болып қана сақталған, дәстүрге айналған туған өлкенің тарихын жас тарихшылар көмегімен терең зерттеу арқылы жаңғырту, заман талабына сай жас жеткіншектердің бойынан рухани жаңғыру аясында еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында «Жас тарихшылар» атты ғылыми жобаны қорғауға әр ауылдан ізденімпаз оқушылар келді.
Өнерпаз оқушыларымыздың өнерлерін тамашалап, келесіде сайысқа қатысушыларға кезек берілді. Атап айтқанда, Қаратал орта мектебінен келген топтық құрам «Туған өлке тарихы» тақырыбында жобаларын таныстырып өтті. Оқушылар өте тыңғылықты дайындалған. Жобаның мақсаты мен күтілетін нәтижелерін нақты дәлелмен айтып өтті. Сондай-ақ Жарбұлақ ауылы Майлин атындағы орта мектебінен келген Токчараев Жасұлан, Тоқтасынова Еркежан, Қарабұлақ орта мектебінен келген топтық құрам, Сахариев орта мектебінен Солтанғазина Аяулым, Көктерек орта мектебінен Беделханова Сая, Ақшоқы ауылы Т.Қоңыр атындағы мектебінің топтық құрам, Қарабұта орта мектебінің оқушысы Айтаханова Айзада сынды оқушыларымыз өздері дайындаған жобаларын көрермен назарына ұсынып, жоғарғы деңгейде қорғап шықты. Жоба қорғаушылар әсіресе, өздерінің ауылдары «Қабанбай батырдың табаны тиген жер», «Шипалы өңір -алакөл», «Жеңісті жақындатқан жерлестеріміз», «Бақтым-бақытты құт мекенім» «Көктерек орйран тарихы» туралы көптеген тың, қызықты мәліметтер жинағаны көрінді.
Оқушылардың зердесін ашып, ғылымға деген қызығушылығын арттырып отырған Барлыханова Н.Ә, Майғаранова А.Қ, Камзанова З.К сынды ұстаздардың еңбегін ерекше айтуға болады. Осындай мәні жоғары байқаудың қорытындысын әділқазылар қорыта келе, I-орынды Каратал, Көктерек, Қарабұта орта мектептері иеленсе, II-орын Майлин, Т.Қоңыр, Қарабұлақ мектептері, III-орын Сахариев, Жарбұлақ мектептеріне беріліп белсене қатысқан оқушыларға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар берілді. Аймақты ғылыми жоба қорғаушы оқушыларымызға сәттілік тілеп, келешекте әрі қарай жалғасын табатынына сеніміміз мол.











Похожие публикации:

17 октябрь 2019 Мектеп тарихы
13 февраль 2018 Рухани жаңғыру
13 февраль 2018 Ұлағатты ұстазым
13 февраль 2018 Алтын күз